​Астана жастары мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

0
1 730

Бұл жоба мұқтаж адамдарға арналған.


​Астана жастары мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

ERNUR.KZ. Биылғы жылы Астана қаласында қыстың ерте және қарлы келуі, жер үйде тұратын жалғыз және қарт адамдардың түскен қарды тазалау мүмкін еместігіне әкеліп соқты. Астана қаласының әкімдігі «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы мәселені шешу мақсатында «Күтім мекен-жайы» жобасын жариялады. Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Baq.kz.

Бұл жоба мұқтаж адамдарға арналған.

2017-2018 жылдары халықтың (соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар) әлсіз топтарының үй аумағын қардан тазалау мақсатында 15-ге жуық акция жұмыстарын жүргізген. Астана қаласының әкімдігі «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көктемгі мезгілдерде және жаздың басында өз еркімен адамдар халықтың әлсіз топтарына үйлерін жинау мен тамақ әкелумен көмектесті. Қазіргі уақытта еріткілер 21-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырды.

Жоба 2014 жылы басталған, қазіргі таңда 700-ден астам өз еркімен қатысушы бар.

Осы аптада белгіленген мекен-жай бойынша еріктілер жұмысқа шықты. Жоба аясында жалғыз басты әжейдің ауласын қардан тазартуға Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, еріктілер және колледж студенттері жалғыз түратын қария әженің үй аумағын тазалап беруге көмектесті. Қатысушылардың пайымдауынша, бұл жоба азаматтық үстанымның күшейуіне, қария адамдарға мен әлсіз топтарға қамқор болуға және мейірімді болуға үйретеді.