Астанада 11 сырғанақ құрылып, үш мұз қалашығы салынады

0
2 818

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 15 желтоқсанда шаңғы тебу маусымын ашуға арналған "Алғашқы қар" шарасы өтеді.


Астанада 11 сырғанақ құрылып, үш мұз қалашығы салынады

ERNUR.KZ. Биыл елордада мұз қалашықтары үш жерде бой көтереді және 11 сырғанақ жасалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина елордада желтоқсан айында өтетін мерекелік шараларға дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады baq.kz.

Биыл мұз қалашықтары Астананың үш нүктесінде – Ботаникалық бақта, "Хан Шатыры" СОСО жанында және әкімдік алдындағы қалалық алаңда орналасады.

"Мұз қалашықтарында көптеген отбасылық мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Коньки мен шана тебетіндерге 11 сырғанақ салынады. Олар Ботаникалық бақ, "Хан Шатыры" СОСО, әкімдік алдындағы қалалық алаңда, "Жетісу", "Жерұйық", "Кемаль Ататүрк" атындағы саябақтарда, ЭКСПО аймағында, Есіл өзені мен Ақбұлақ жағасында, "Алатау" спорт кешені мен Бейбітшілік және келісім сарайы маңында орналасады", - деді Мұхамбеталина.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 15 желтоқсанда шаңғы тебу маусымын ашуға арналған "Алғашқы қар" шарасы өтеді. Осы күні Ботаникалық бақта, Триатлон бағында, Президент саябағында шаңғы трассалары ашылады.

Сонымен бірге, Астана қаласы маңындағы Үркер, Көктал-1, Крипичный, Өндіріс тұрғын алапапрында, номері (знак қоя салыңызшы) 10 емхана аумағында, "Жағалау" ТК және Н.Тілендиев көшесі бойында "Рахмет" сауда үйі жанында мұз қалашықтары мен сырғанақтары жасалады.