Астанада 5 баланың анасы балконнан секіріп кетті

0
484

Куәгерлер оның күйеуі басқа қалада болғанын айтады.


Астанада 5 баланың анасы балконнан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның ең кіші баласы - 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады.

«Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен. Мұндай оқиға кез келген адамның басында болуы мүмкін. Аналарымызға қамқор болайық», - дейді оқиғаның куәгері.

Астана қаласының полиция департаменті жағдайды растады.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария болмайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір балконнан секірген көп балалы ананың не тірі, не өлі екені белгісіз.