Керуеннің басты міндеті – өңірлерден елордаға ойындар тарихының ажырамас бөлігі болып саналатын қасиетті суды ойындардың ашылу салтанатына жеткізу.
ERNUR.KZ. Астанада Қазақстанның 20 өңірінен 200-ден астам өкілдің қатысуымен «Бірлік керуені» атты ауқымды іс-шара өтті. Спортшылардан, батырлардан және қоғам қайраткерлерінен құралған керуен әр өңірдің дәстүрлі стилінде безендіріліп, шеру жасады, деп жазды inform.kz.
Керуеннің басты міндеті – өңірлерден елордаға ойындар тарихының ажырамас бөлігі болып саналатын қасиетті суды ойындардың ашылу салтанатына жеткізу. «Бірлік керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының басты киелі элементі ретінде қасиетті суды пайдалану дәстүрін жалғастырады.
Іс-шара барысында керуен еліміздің барлық өңірінен жиналған қасиетті суды Астанаға жеткізді. Бұл су Қазақстан халқының ортақ күші мен бірлігін білдіреді. Шеруді шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары жалғастырды.