Астанада 8 адамды кепілдікке алған қарулы адамның талабы қандай?

0
942

Осындай оқыс іс-әрекетке барған адам 30 жас шамасында екен.


Астанада 8 адамды кепілдікке алған қарулы адамның талабы қандай?

ERNUR.KZ. Астана қаруланған азамат сегіз адамды кепілдікке алғаны анықталды, деп жазады BAQ.KZ.

Осындай оқыс іс-әрекетке барған адам 30 жас шамасында екен.

Ол Kaspi банктегі барлық активті аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балалар қорына аударуды талап етіп отыр.

Бұдан бөлек талабының орындалуына 3 сағат уақыт берген. Орындалмаса кепілдіктегі адамдарды өлтіремін деп қорқытқан көрінеді.

Оның қолында сегіз қыз және бір күзетші бар екені белгілі.

Қазір оқиға орнында арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр. Банк орналасқан үй тұрғындары эвакуацияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды.