Астанада 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді
ERNUR.KZ. Астанада 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді, деп жазады Тengrinews.kz Асық ату Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Асық ату Федерациясы бұл жарысты дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы және медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысады", - делінген хабарламада.