​Астанада бойжеткенді көлік қағып, белгісіз жерге алып кеткен

0
1 450

Бойжеткен жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 705 452 01 89 немесе 102 пультіне хабарласыңыздар.


​Астанада бойжеткенді көлік қағып, белгісіз жерге алып кеткен

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны Сабина Жүнісбекованың ата-анасы мен 26 жастағы ағасы бойжеткеннің Астанада із-түссіз жоғалып кеткенін айтады. Сабина елордаға жұмыс іздеп келіпті, деп жазады sn.kz.

Бойжеткен отбасымен жиі хабарласып тұрған. 16 қаңтар күні әкесіне қызының телефонынан белгісіз әйел хабарласып, Сабинаны көлік қағып кеткенін, дәл қазір дәріханада екенін жеткізген. Ал куәгерлер қыздың заттарын жинап жүргенде көлік бойжеткенді белгісіз жерге алып кеткен.

Содан әлі күнге хабар жоқ. Туыстарының айтуынша, жол апаты 16 қаңтар күні кешкі сағат 21:00 шамасында Алматы-Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында болған.

Сабина Жүнісбекованың туыстары бойжеткен жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге 8 705 452 01 89 немесе 102 пультіне хабарласуын өтінеді.