Астанада ерекше белгілері бар COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелгені туралы ақпарат тарады

0
565

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.


Астанада ерекше белгілері бар COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелгені туралы ақпарат тарады

WhatsApp-та Астанада COVID-19 таралуының жаңа жағдайы тіркеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Іріңді жөтел мен қатты диарея сырқаттың белгісі ретінде айтылды. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі stopfake.kz сайтына Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы және барлық өңірлер "жасыл аймақта" тұр. Барлық шектеу шарасы жойылды.

"Біз COVID-19 коронавирустық инфекциясы жойылмағанын түсінуіміз керек, вирус таралуын жалғастыруда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, алдағы уақытта халықтың аурушаңдығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады. Елімізде сырқаттың ауыр емес түрлеріне диагноз қойылады, негізінен жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирустық инфекциясы ретінде жұтылу кезінде тамақ ауруы, мұрын бітелуі, сирек жөтел түрінде жүреді".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі ірің бөлінетін жөтел жаңа коронавирус инфекциясына тән емес екенін атап өтті. Әдетте құрғақ жөтел болады.

"Қорыта айтқанда, жөтел және диарея белгілері бар КВИ ошағы Астанада тіркелген жоқ. Демек, таралған ақпарат жалған", – делінген хабарламада.