Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

0
227

Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды.


Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде болған.


Фото: t.me/Astanovka89

Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.

"27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туылған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Астана полиция департаменті пікір білдіруге уәде етті.