​Астанада картинамен безендірілген үй пайда болды

0
2 071

Астана үйлерінің бірінің сыртқы қабырғасы Қастеев атындағы музейден жиналған қазақстандық классиктердің туындыларымен толықты.


​Астанада картинамен безендірілген үй пайда болды

ERNUR.KZ.Астана үйлерінің бірінің сыртқы қабырғасы Қастеев атындағы музейден жиналған қазақстандық классиктердің туындыларымен толықты. Бұл жөнінде Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Urban Art Astana дала өнері фестивалі осымен тәмам. 15 маусымда бастау алған шара қаламызға қазақстандық және шетелдік суретшілердің 8 туындысын сыйға тартты. Астаналықтар граффитидің басым көпшілігін өз көздерімен көріп, үйреніп қалған болса, бүгін Мәмбетов көшесі, 5-ші үйде толықтай бір туындыға куә болады. Қала арбаты күннен күнге ұзарып келеді», - деп жазды Арман Тұрлыбек Facebook парақшасында.

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінен жиналған қазақстандық өнер классиктерінің туындыларымен безендірілген үй ашық аспан астындағы галерея іспеттес.

«Бұл жерде Тұрсын Әбуов, Әбілхан Қастеев, Гүлфайрус Ысмайылова, Шаймардан Сариев, Ғани Баянов, Мария Лизогуб және Айша Ғалымбаева сынды танымал авторлардың жұмыстарын тамашалай аласыздар. Оның атауы көп ұзамай «Танымал картиналы үй» деп аталып кететініне сенімдімін. Бұрын бұл аудан тек кеңсе ғимараттары орналасқан тыныш жер болса, енді қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін қызықты орынға айналары сөзсіз», - деді әкім.