Астанада халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды

0
687

Олимпиадаға 20-дан астам елдің оқушылары қатысады.


Астанада халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды

ERNUR.KZ. Елордада 1-6 мамыр аралығында мектеп оқушыларының химия пәні бойынша халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Олимпиадаға 20-дан астам елдің оқушылары қатысады. Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттердің қатысушылары бар, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Команда құрамалары бұған дейінгі ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Қазақстан намысын 15 оқушы қорғайды.
"Балалар арасындағы химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы біздің елімізде осымен төртінші рет өткізіліп жатыр. Бұл жылы негізгі іс-шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімін техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салады"- дейді "Дарын" орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов.
Олимпиада алты күнге созылады және үш кезеңнен тұрады: екеуі теориялық және біреуі практикалық.
Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталады.
Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы тапсырылады.