Астанада LRT құрылысына байланысты Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады

0
641

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады.


Астанада LRT құрылысына байланысты Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады

ERNUR.KZ. Астанада LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, нақтырақ айтқанда Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

"Қала тұрғындары мен көлік иелері жағдайға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген CTS хабарламасында.