Астанада LRT тіректерін тұрғызу жұмыстары толығымен аяқталды

0
418


Астанада LRT тіректерін тұрғызу жұмыстары толығымен аяқталды

ERNUR.KZ. Астанада LRT тіректерін тұрғызу жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады Stan.kz.


LRT-нің 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынды. Тіректерді орнатуға 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылған.

"Оларды құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі - 6, 8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы 200 тонна”, – делінген "City Transportation systems" ЖШС хабарламасында.



Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы, М600 маркалы бетоны қолданылады. В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.