Астанада өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты

0
1 010

Ол ауруханаға ауыр халде түскен.


Астанада өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының 53 жастағы тұрғыны Александр Ильин 2 шілдеде ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.


«ПТР-тест ер адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсеткен. Науқастың жағдайын буын ауруы мен екінші дәрежелі семіздік қиындатқан. 21 шілдеде А.Ильин коронавирус инфекциясынан сауығып, ауруханадан шығарылды. Дегенмен, ағза толық қалпына келу үшін одан әрі оңалтатын ем-дом жасау қажет. Науқас барлық дәрігерлерге кәсіби біліктілігі мен көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 59 жастағы Виктор Чулковский де өкпесі 80% қабынып, коронавирус инфекциясымен стационарда 14 күн жатқан. Дәрігерлердің қамқорлығы мен біліктілігінің арқасында сауығып шықты. Елорда тұрғыны Камария Оразалинованың жағдайы да қиын болған.

«Бүгін ауыр дерттен кейін үйге оралатыныма өте қуаныштымын. Мен короновирус инфекциясымен және 90% өкпем қабынып ауруханаға түстім. 12 күн ем қабылдадым. Дәрігерлер мені аяққа тұрғызды. Өте ризамын. Жағдайым өте ауыр болды, қазір мен сөйлесіп отыра аламын, қалыпты өмірге оралып келемін», - дейді К.Оразалинова.