Астанада "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" таратылды

0
524

Ресми мәліметтерге сәйкес, сотқа шағымдануға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ін заңды тұлға ретінде тіркеу кезінде заңбұзушылыққа жол берілгені себеп болып отыр.


Астанада

ERNUR.KZ. Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ны тарату туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сотқа шағымдануға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС-ін заңды тұлға ретінде тіркеу кезінде заңбұзушылыққа жол берілгені себеп болып отыр.

"ЖШС-нің корпоративтік атауы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік органының және оның аумақтық бөлімшелерінің атауымен үйлеседі.
Жауапкерді мемлекеттік тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 6-1-бабына сәйкес тіркеуші органның қатысуынсыз "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрон хабарлама беру арқылы жүргізілді", - делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖШС-ны тіркеп, оның құрылтайшысы азамат Абиев Т.С. жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін бергені атап өтілді.

"Бұл тұлғалар өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуші ретінде көрсете отырып, түрлі ұйымдарда, соның ішінде мемлекеттік органдарда көрсеткен. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматша Т.С. Әбиевке қатысты ірі мөлшерде ақша бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деді Астана қаласы сотының баспасөз қызметі өкілдері.

"Астана қаласының МАЭС-нің 2023 жылғы 3 наурыздағы шешімімен Астана қаласы Әділет департаментінің талап арызы қанағаттандырылды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті" ЖШС таратылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді астаналық сот өкілдері.