Астанада "Яндекс" курьерлері ереуілге не үшін шыққанын түсіндірді

0
741

9 шілде күні сағат 21:00 шамасында Яндекс курьерлері ЭКСПО аумағына жұмыс жағдайына көңілі толмай жиналған еді.


Астанада

ERNUR.KZ. Астанада "Яндекс" курьерлері неліктен ереуілге шыққандарын түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

25 жастағы Арман есімді елорда тұрғыны 9 шілдеде Астанада өткен наразылық акциясына қатысушылардың бірі. Курьер жігіттің айтуынша, ереуіл таңертең ерте басталып, күні бойы жалғасқан.

"1 шілдеден бастап "Яндекс" орындалған тапсырыстар үшін бонустар жинауды тоқтатты. Бұл соңғысы болды, өйткені осыған дейін басқа мәселелер бойынша шағымдар болған. Бізде WhatsApp желісінде ортақ топ бар, онда адамдар "таңертең наразылық акциялары басталды" деп айта бастады. Олар тапсырысты алып, бірақ мекенжайларға жеткізбеді. Кейбіреулері жай ғана интернет желісіне шықпады. Осының салдарынан ірі мейрамханалар желілерінде ақау болды.
Қала бойынша барлығы 5-6 жерге курьерлер ереуілге жиналды. Сағат 19:00-ден 20:00-ге таяп қалғанда бәріміз тарап кеттік", - деді Арман.

Арманның айтуынша, курьерлердің мопедпен түнгі шеруі олардың наразылық акциясына еш қатысы жоқ. Жүргізушілердің бір бөлігі күндізгі ереуілге қатысқан.

"Бұл мопедшілер күн сайын жиналады, бірақ олардың саны аз. Кеше олар да өздерінің "жиналысын" ұйымдастыруды ұйғарды. Олар алдымен ЭКСПО аумағына жиналды, содан кейін Қабанбай батырдың бойымен Орталық саябаққа барды. Олар автобус жолағы бойымен жүріп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген көрінеді, осыдан кейін олар полицияның назарын аударған", - деді Арман.

Сондай-ақ, курьер өзінің және әріптестерінің "Яндекс" комиссиясына наразы екенін атап өтті. Қазіргі уақытта фирмалық жеткізу қорабы барлар үшін 16 пайыз болады. Ал істемейтіндер үшін комиссиялар 29 пайызға дейін көтеріледі.

"Біз компанияның комиссияны 10 пайызға дейін төмендеткенін қалаймыз. Біз сондай-ақ "қолдау қызметінде" боттардың емес, қызметкерлердің жұмыс істегенін қалаймыз.
Себебі жеткізу кезінде кейде тұтынушылар тапсырысын алу үшін сыртқа шықпайды. Біз "қолдау қызметіне" жазуымыз керек бірақ жарты сағаттан, бір сағатқа дейін жауап бергенше осы уақыт ішінде тұтынушы затын алып кететін уақыт болады. Сондықтан телефон арқылы байланысу мүмкіндігі болғанын қалаймын.
Кейбір техникалық кемшіліктер де бар. Сіз "желіден" шығып, үйге бара жатқанда, тапсырыстар сізге келе береді. Егер олар орындалмаса, бұл сіздің көрсеткішіңізге теріс әсер етеді", - деп қорытындылады Арман.

Осыған байланысты тілшіміз түсініктеме алу үшін "Яндекс.Доставка" баспасөз қызметіне жүгінді. Кейінірек компания курьерлер уәде етілген бонустарды неге алмағанын түсіндірді.

"Бізде серіктестер мен олардың курьерлеріне арналған мотивациялық бағдарламалар бар. Өткен аптада бағдарламалардың бірінің шарттарының техникалық жаңартылуы өтті. Бонустар алдағы бірнеше күнде аударылады, сома курьерлердің өтінімінде көрсетіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда дереу қолдау қызметіне хабарласуды сұраймыз", - деді компания өкілдері.

Соңғы жарты жылда Астанада "Яндекс" компаниясында жұмыс істейтін курьерлердің сағатына орташа табысы төмендемегені айтылды.

"Қазір мотоцикл тарифі 1700 теңге, ал көлікпен курьерлер үшін 1900 теңге.

Қазіргі уақытта компанияның қызметтері әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр", - деп қорытындылады "Яндекс.Доставки" баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 9 шілде күні сағат 21:00 шамасында Яндекс курьерлері ЭКСПО аумағына жұмыс жағдайына көңілі толмай жиналған еді. Одан кейін жастар мопедтермен Қабанбай батыр даңғылы бойымен "Қазақстан күні" монументіне қарай бет алған.