Астанада жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп аялдамада отырған қызға тиді

0
752

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.


Астанада жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп аялдамада отырған қызға тиді

ERNUR.KZ. Астанада көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тиді, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бірнеше адам аялдамада отырған. Бір сәтте адамдардың арқа тұсынан көлік дөңгелегі келіп соғады. Қыз соққы алып, жерге құлайды.


Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 27 сәуірде болғанын хабарлады.

"Тексеру барысында Абылай хан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, аялдамада отырған қызға тигені анықталды. 18 жастағы қызға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бұл мәселе бойынша полицияға шағымдар келіп түскен жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді полиция қызметкері.