Астанадағы төбелесте екі оқушы қаза тапты: полиция ақпаратты жоққа шығарды

0
291

Біреулер жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген.


Астанадағы төбелесте екі оқушы қаза тапты: полиция ақпаратты жоққа шығарды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Астанада бір топ азамат төбелесіп, екі адам қаза тапқаны жайлы ақпарат тараған. Полиция жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы №37 мектептің жанында төбелес болғаны туралы және екі адамның қаза тауып, бірнеше адамның ауруханаға түскені жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Төбелестің орын алғаны, сондай-ақ оның барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Астана қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алуды сұраймыз», - делінген хабарламада.