Алдын ала мәлімет бойынша, бұл SCAT Airlines әуе компаниясының борты.
ERNUR.KZ. Астанадан ұшып келген Boeing 737-300 "Шереметьево" әуежайына шұғыл қонды. Оған гидрожүйедегі техникалық ақау себеп болған, деп жазады sputnik.kz.
Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл SCAT Airlines әуе компаниясының борты.
"Астана – Мәскеу бағытындағы Boeing 737-300 сол жақ гидрожүйесі істен шығып, датчик іске қосылғаннан кейін "Шереметьево" әуежайына шұғыл қонды", - деп мәлімдеді шұғыл қызметтегілер.
Әуе кемесі әуежайға штатты режимде қонды, деп атап өтті SCAT баспасөз қызметі.