Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі

0
1 038

Қазір тиісті өзгерістерді елорда әкімдігі дайындап жатыр.


Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі

ERNUR.KZ. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қою жайлы не ойлайтынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет кулуарында журналистер вице-премьерден "халықтың ашуына тиетін ұсынысты қалай талқылауға шығарып отырсыздар?"деп сұрады.
"Қазір Астанада бір миллионнан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Жастар оқуға келіп жатыр. Қалада жұмыс орындары ашылуда. Елорданың бүгінгі инфрақұрылымы халыққа тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда ашуға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келеді", - деді Дүйсенова.
Оның айтуынша, қазір тиісті өзгерістерді елорда әкімдігі дайындап жатыр.
Осы орайда БАҚ өкілдері бұл шектеу адамның конституциялық құқығын бұзу емес пе деп нақтылады.
"Астанаға оқуға, жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, оларға шектеу болмайды. Қарсылық болмайды. Сіз Астанаға емделуге немесе қыдыруға келгіңіз келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды", - деп сендірді еңбек министрі.
Бұған дейін еңбек министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоюды жоспарлап отырғаны хабарланды. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіп жатыр.