Астаналық 7-сынып оқушысы бес жасар баланы құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды

0
352

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.


Астаналық 7-сынып оқушысы бес жасар баланы құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды

ERNUR.KZ. Астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 "д" сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, деп жазады zakon.kz.

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.



"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп хабарлады Астана әкімдігі.