Жас IT мамандары өз жобасымен Еуропа мен АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Астаналық мектеп оқушылары Microsoft корпорациясының жарты миллион долларлық грантын жеңіп алды. Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков жасанды интеллект негізінде стартап жобасын әзірледі, деп жазады Tengrinews.kz.
Арсен мен Владимир Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары. Оларды бағдарламалауға деген қызығушық біріктіріп, уақыт өте бұл достыққа ұласқан. Олар үнемі бірдеңе ойлап тауып, әдеттен тыс жобалар жасауға құмар. Идеялардың бірі табысқа әкелген. Оқушылар жасанды интеллект негізінде небәрі бір жарым минутта толыққанды веб-сайтты құра алатын онлайн сервис құрған.
"Грант олардың қызметтеріне несие түрінде. Яғни, бір жерде олардың серверлері, бір жерде төлем жүйелері, әртүрлі техникалық шешімдер және тағы басқалар. Бұл ақшаны басқа нәрсеге жұмсауға болмайды. Оны олардың қызметтеріне бөлуге болады", – деді Арсен Қылышбек.