"Астананы" жеңген футболшы ойын кезінде дәрет сындырып, ұятқа қалды (видео)

0
1 459

​Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Мақтаарал» мен «Астана» командалары арасындағы матч кезінде ерекше жағдай орын алды. Ойын кезінде спортшылардың бірі қосалқы ойыншыларға арналған орындыққа дәрет сындырған.


Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Мақтаарал» мен «Астана» командалары арасындағы матч кезінде ерекше жағдай орын алды. Ойын кезінде спортшылардың бірі қосалқы ойыншыларға арналған орындыққа дәрет сындырған.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесудің 75-ші минутында «Мақтаарал» құрамасының жартылай қорғаушысы Кеңесбай Шұбаев футбол алаңындағы орнына бармас бұрын дәретханаға бармақшы болған.

Алайда ол дәрет сындыруға арналмаған орынды таңдап, сөзге қалды. Ойыншы өз қажеттілігін дәл қосалқы ойыншыларға арналған орындыққа барып қанағаттандырды. Ал бұл сәт камера обективіне түсіп қалған.

ОҚО-да өткен осы матчтың нәтижесі бойынша айтатын болсақ «Мақтаарал» құрамасы «Астана» командасын 3: 1 есебімен жеңді.

Видео SPORTS.KZ инстаграм парақшасынан алынды