​Астананың аязында жартылай жалаңаш жүгірген марафоншы елді таңғалдырды

0
1 095

Марафоншылардың бірі жүгіруге шорты, кроссовка және қалпақ қана киіп келіпті.


​Астананың аязында жартылай жалаңаш жүгірген марафоншы елді таңғалдырды

ERNUR.KZ. Астанада ІІ қысқы марафонға нағыз батыл жандар жиналды. 25 градус аязға қарамастан, бір жарым мыңнан астам желаяқ 5, 10 және 21 км қашықтықты еңсерді, деп жазады sputniknews.kz.

Қысқы жүгіру "Шексіз мүмкіндік" деген ұранмен өтті. Қатысушылардың арасынан іс-шараның ұранын растайтын батыл спортшылар да табылды.

Марафоншылардың бірі жүгіруге шорты, кроссовка және қалпақ қана киіп келіпті. Ер адамның фотосуреті әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетіп, желі қолданушыларының таңданысын туғызды.
Елордалық жүгірушілерден бөлек, қысқы марафонға Ресей, Украина және Қазақстанның басқа қалаларынан 300-ден астам адам қатысты.