Ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызылады - жалған ақпарат

0
393

Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.


Ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызылады - жалған ақпарат

ERNUR.KZ. Желіде тұрғындарды денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасына наразылық білдіруге шақыратын жазбалар тарады. Бұл ақпарат жалған, деп жазды stopfake.kz.

Жазба иесінің айтуынша, заң жобасында өз балаларын вакциналаудан бас тартқандарды ата-ана құқығынан айырып, психиатриялық клиникаларға мәжбүрлеп емдеуге жіберетін нормалар бар.
Қазақстанда осындай нормалар бар заң жобалары қаралып жатқан жоқ.
- Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Елімізде балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау қазан айында, елге Pfizer/BioNTech өндірген вакцина әкелінген кезде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалуы мүмкін, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктегілер балаларды вакциналаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны, өз баласына дауысын көтергендер психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емделетіні туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын атап өтті.