Атамқұлов Қытайдағы қамауға алынған қазақтар туралы айтты

0
1 708

Атамқұлов Қытайдағы қамауға алынған қазақтар жөнінде мыңнан астам арыз келіп түскенін айтты.


Атамқұлов Қытайдағы қамауға алынған қазақтар туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қытайдағы қазақ мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады BAQ.KZ.

Парламент мәжілісінде өткен Үкімет отырысында СІМ Атамқұловқа мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қытайдағы қазақ мәселесіне қатысты сауалдарға жауап беруін сұрады.

«Қытайда 1,5 миллион отандастарымыз бар. Былтыр 2,5 мың отандасымыз Қазақстанға шығу үшін виза алды. Биыл қос азаматтығы бар Қазақстан азаматтарының ішінен 33 адам Қытай түрмелеріне қамауға алынды. Біз өз тарапымыздан дипломатиялық арналар арқылы және консулдардың жұмысы есебінен 20 адамды қайтардық» - деді министр.

Сондай-ақ Атамқұлов Қытайдағы қамауға алынған қазақтар жөнінде мыңнан астам арыз келіп түскенін айтты.

«Биыл қамауда отырған қазақтар жөнінде министрлікке 1387 арыз келіп түсті. Түскен арыздар бойынша, әр азаматпен жеке-жеке жұмыс істеудеміз. Себебі әрқайсының жағдайы әртүрлі. Қазір Қытайдағы лагерьлер мәселесі бүкіл әлемді шулатуда. Негізі Қытайдың өзінің ішкі саясаты бар. Бірқатар дипломат сол лагерьлерді көрді. Бүкіл әлем Қытайға қысым жасауда» - деді Атамқұлов.