Атамқұлов: интернеттің бұғатталуына қатысымыз жоқ

0
1 145

Атамқұлов өзі басқаратын ведомствоның серверлердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.


Атамқұлов: интернеттің бұғатталуына қатысымыз жоқ

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда интернеттің ара-тұра бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл менің салама жатпайды. Менің бағытым емес, сондықтан білмеймін тіпті. Шынымды айтсам, интернетті мен де пайдаланамын", — деді ол.

Атамқұлов өзі басқаратын ведомствоның серверлердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

"Біздің бағытымыз мүлде бөлек. Біз бүгінде KazSat, KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің қызметін ұсынамыз. Қазіргі таңда біздің спутниктер жерүсті байланыс жоқ учаскелерді қамтамасыз ете алады. Сондықтан, бұл тұста біздің сервистік қызметтер ұсынылады. Ал интернеттің бұғатталуына біздің қатысымыз жоқ", — деді ведомство басшысы.