Су өткізгіш тұрба салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.
Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» тас жолының астынан су өткізгіш құбыр салынды, де хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қаладан 30 км уақытша салынған айналма жолды Байшақа өзегінен келетін су шайып кетті. Келген суды теңізге қарай кедергісіз өткізіп жіберу үшін бұл жер тағы 2 метрге қазылып, диаметрі 100 см болатын 6 құбыр салынды. Жұмыстар бір тәулікке жалғасып, дереу көлік қозғалысы үшін жол ашылды.
Уақытша жұмыстар кезінде көліктер әлі пайдалануға берілмеген көпір арқылы қатынады. Тас жолға өр суы келген бойда кедергісіз Каспий теңізіне қарай өткізіп жіберу үшін дереу материал алдырып, жұмыстарды бастап кеттік. Бұл арқылы «Атырау-Астрахань» тас жолын нөпір су басу қаупін сейілтеміз,- деді Атырау облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшысының орынбасары Азамат Қабдығалиев.
Су өткізгіш тұрба салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.