Атырау әуежайында полицей пистолеттен абайсызда әйелді атып жіберді

0
1 104

Атырау әуежайында банктердің бірінің инкассация қызметінің қаруларын тексеріп отырған полиция қызметкері абайсызда атып жіберіп, бір адамды жаралаған.


Атырау әуежайында полицей пистолеттен абайсызда әйелді атып жіберді

Фото: matrica.kz

ERNUR.KZ. Жұма күні кешке, 29 наурызда Атырау халықаралық әуежайының аумағында полиция желілік бөлімінің қызметкері өз қаруын дұрыс пайдалана алмай, абайсызда атып жіберген, деп жазады Tengrinews.kz көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға банктердің бірінің инкассация қызметінің қаруларын полиция жеке тексеру бөлмесінде қарап жатқанда орын алған. . Салдарынан оқ сонда әйел адамның аяғына тиіпті. Атыраудың тұрғынын медициналық мекемеге жеткізген. "Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Ақ Жайық" порталының ақпараты бойынша, кездейсоқта орын алған атыс Макаров тапаншасынан жасалған. Зардап шеккен азаматша әуежайда Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып келген туыстарын күтіп тұрған екен.