Кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады.
иллюстрациялық фото
Атырау облысында 170 мектепте 1446 кезекші сынып ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты.
Кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады.
"Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды. Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр. Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі", - деді брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.