Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болды

0
632

Алты адам зардап шекті.


Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болды, деп жазады inform.kz

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суық қарудан оқ ату Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған.

«Кеше, 30 қазан күні сағат 19.30-да «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331-шақырымында Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Зардап шеккендер бар. Олар Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқ атуға ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп делініп отыр.