Атыраудағы атыс болған ауылда күшейтілген режим енгізілді

0
813

Тәртіп сақшылары ауылды тәулік бойы күзетіп жүр


Атыраудағы атыс болған ауылда күшейтілген режим енгізілді

ERNUR.KZ. Атыс болған Атырау облысының Сағыз ауылында күшейтілген режим енгізілді, деп жазады Tengrinews.kz

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Жағдай тұрақты. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы күзетіп жүр", - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барғанын хабарлады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді ол.

Еске салайық, 30 қазанда сағат 19.30-да Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы Атырау - Ақтөбе тасжолында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген.