Екі күннен бері іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жоғалып кеткен бақташы іздестірілуде, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 24 мамыр сағат 15:12-де Жылыой ауданында бақташының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
"Із-түзсіз кеткен 1986 жылы туған малшының 23 мамыр күні сағат 17:00-де Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақтардың бірінен шығып, кері оралмағаны анықталды. Іздестіру-құтқару жұмыстары екінші күн жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Ер адамды іздеу жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар аудандық полиция басқармасынан қызметкерлер жұмылдырылған.