Атырау облысында бір отбасының 2 баласы суға кетті

0
431

Сүңгуірлер 7 және 9 жастағы баланың мәйітін іздеп жатыр.


Атырау облысында бір отбасының 2 баласы суға кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысының Құрманғазы ауылында екі бала суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 1 тамыз күні түстен кейін болды. Облыстық ТЖД-ға Құрманғазы ауылынан шақыру сағат 14:53-те түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде бір отбасынан шыққан екі бала, 2015 жылы туған қыз және 2017 жылы туған ұл белгісіз жағдайда суға батып кеткені анықталды», - деп хабарлады ТЖД.

Қазір сүңгуірлер суға батқан балалардың денелерін іздеп жатыр. Опат болған балалардың ата-анасына шұғыл психологиялық көмек көрсетілуде.