Атырау облысында көлік қар суына батып кетті

0
876

Желіде тарап кеткен видео "Миялы-Сағыз" тас жолының 35-шақырымында Соркөл ауылына жақын жерде түсірілген.


Атырау облысында көлік қар суына батып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суына батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Желіде тарап кеткен видео "Миялы-Сағыз" тас жолының 35-шақырымында Соркөл ауылына жақын жерде түсірілген.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 наурыз күні таңғы сағат 06:30 шамасында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылынан шыққан такси жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетеді. Одан кейін жиектегі еріген қар суына түсті. Бірақ ол жерде көлік қозғалысы жабылмаған.
"Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген. Жолаушылар Соркөл, Сағыз ауылдарына жеткізілді", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Полиция еріген қардың суы жолға қауіп төндіріп тұрмағанын хабарлады.
"Миялы-Сағызы" тас жолының 35-шақырымында қардың еруінен ағын су пайда болып, тас жолды басқан. Осыған байланысты аталған жолмен жүретін көлік жүргізушілерінен сақтық шараларына аса мұқият болуды ескертеміз", - дейді полицейлер.