Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық сәби өмірге келді

0
656

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 538 сәбиге көбейіп отыр.


Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық сәби өмірге келді

Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 538 сәбиге көбейіп отыр.

«Биылғы 1 наурыздан бері 11 794 бала көмірге келді. Тәуліктік орташа есеппен күніне 25 ана босанды. Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентханада 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталды. Коронавирус инфекциясы анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Дегенмен, жүкті әйелдердің балаларынан қауіпті инфекция анықталған жоқ», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.