Атырау облысында өзенге ағып кеткен ағайынды екінші баланың мәйіті табылды (видео)

0
778

Бұған дейін бір үйдің екі баласы суға батып кеткені хабарланған еді.


Атырау облысында өзенге ағып кеткен ағайынды екінші баланың мәйіті табылды (видео)

ERNUR.KZ. Атыраудың Көкарна ауылында суға батып кеткен екінші баланың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске салсақ, 20 шілде күні Көкарна ауылында Жайықтың суға түсуге болмайтын аймағында бір үйдің кәмелетке толмаған екі баласы суға кетіп, қаза тапты. Біреуінің денесі сол күні табылды. Екінші баланың мәйіті бүгін, 22 шілдеде таңғы сағат 6:30 шамасында табылды.

Балалар 2010 және 2011 жылы туған.