Атырау облысында сушиден уланған науқастар саны көбейіп жатыр

0
2 068

​Тұрғындардың айтуынша, 24 желтоқсанда олардың барлығы "Үш самурай" дәмханасына тапсырыс берген.


Атырау облысында сушиден уланған науқастар саны көбейіп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысында сушиден жаппай уланғандар адамдардың саны 29 адамға жетті. Олардың бәрі де медициналық мекеме қызметіне жүгінген. Ал дүйсенбіде дәрігерлерге шағымданғандар саны 16 адам болатын, деп жазады sputnik.kz.

"27-28 желтоқсан күндері Жылыой ауданындағы орталық аурухананың қабылдау бөліміне 29 адам жүгінді. Науқастардың барлығында диарея, лоқсу, жүрек айнуы мен құсу сияқты жалпы әлсіздік болған", – деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы.

Жылыой ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев оларға тамақтан улану диагнозы қойылғанын айтты.

"Төрт науқас ауруханаға жатудан бас тартты. Тағы төртеуі амбулаториялық емделу үшін үйге жіберілді. 21 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, тиісті ем қабылдауда", – деді Үкібаев.

Жалпы, ауруханаға жатқызылған науқастардың хәлі орташа ауыр жағдайда.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары бұл факті бойынша тергеу жүргізуде.

Тұрғындардың айтуынша, олар 24 желтоқсанда "Үш самурай" дәмханасынан суши жеген. Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтану орнының қызметі тоқтатылып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі материалдар жинақталуда.

Айта кетейік, 28 желтоқсанда Құлсары қаласында азаматтардың жаппай уланғаны белгілі болды. Кеше орталық аудандық ауруханаға диарея, жүрек айну, құсу шағымымен 16 жергілікті тұрғын жатқызылған.