Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

0
2 729

​Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Қайтыс болғандардың үшеуі ересек, біреуі бес жасар бала екені хабарланып отыр.


Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Трагедия Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.

Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысындағы Жаңатаста 3-қабаттағы пәтерде өрт шығып бес бала көз жұмған болатын. 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған екі ұл мен үш қыз ересектер қарауынсыз қалған.

Өрт салдарынан балалар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.