Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін септикке батып кетті

0
523

Қаланың жеке балабақшаларының бірінде серуендеу кезінде бала кәріз шұңқырына құлап, суға батып кетті.


Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін септикке батып кетті

ERNUR.KZ. Құрсай шағын ауданындағы жеке балабақшалардың бірінің аумағында серуендеу кезінде төрт жасар бала септикке құлап кетті, деп жазады zakon.kz.

Оқиға бүгін, 10 шілдеде, сағат 11 -де болған. Қаланың жеке балабақшаларының бірінде серуендеу кезінде бала кәріз шұңқырына құлап, суға батып кетті. Оқиғаны қалалық білім бөлімі растады.

"Қайғылы оқиға Құрсай шағын ауданындағы "Чебурашка" жеке балабақшасында болды. Қазіргі уақытта құзыретті органдар барлық мән-жайларды анықтауда. Олардан түсініктеме күтеміз. Қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтамыз", - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Бұл фактіге облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова да түсініктеме берді.

"Тәрбиешілердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала сол жерде қайтыс болды. Мәйітті септиктен балабақша қызметкерлері алып шықты", - деді ол.

Еске салайық, 2023 жылдың 31 мамырында Павлодар облысында 4 жасар бала септикке құлап, мерт болды.