Атырау облысындағы ірі жол апатынан үш адам көз жұмып, 15 жолаушы зардап шеккен

0
1 193

Автобуста болған 43 адамның 15-і балалар.


Атырау облысындағы ірі жол апатынан үш адам көз жұмып, 15 жолаушы зардап шеккен

ERNUR.KZ. «Орал-Атырау» тасжолындағы көлік апатынан 3 адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Индер-Атырау тасжолында орналасқан Көктоғай ауылы маңында болған. Апаттың салдарынан 3 адам қаза тапты. Автобуста болған 43 адамның 15-і балалар. Балалардың арасында құрбан болғандар жоқ.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі xабарлағандай, апат нәтижесінде 15 адам Атырау облысының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 5 адам Атырау облыстық ауруxанасына жеткізілді. Тағы 5 адам Махамбет ауданының орталық аудандық ауруханасына және 4 адам Индер ауданының орталық аудандық ауруханасына емдеуге тіркелді.

Қазіргі уақытта барлық медициналық қызметтер зардап шеккендерді қабылдауға дайын. Оқиға орнында 10 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Мобильді дәрігерлік амбулатория орналастырылған.

Аудан әкімдігі төтенше жағдай болған автобус жолаушыларына ыстық тамақ ұйымдастырды, әрі қарай келген жерге жеткізу үшін көлік дайындады. Психолог зардап шеккендермен жұмыс істейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, олардың денсаулығына қауіп жоқ.

Жолаушылар мен олардың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алу үшін 98 02 92, 8778 0072021 телефондары тәулік бойы байланыста.

Апаттың себептерін тергеу жүргізетін органдар анықтауда. Алдын-ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы - «Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарының жұмысын бұзу» бойынша жүргізіледі.