​Атырау облысындағы Ойыл өзенінде 5 тонна балық қырылды

0
1 951

Атырау мен Ақтөбе облысының шекарасындағы Ойыл өзеніне балықтың өлекселері қалқып шықты.


​Атырау облысындағы Ойыл өзенінде 5 тонна балық қырылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында өткен аптада балықтың жаппай қырылуының тағы бір жаңа дерегі тіркелді, деп жазады 24.kz.

Естеріңізде болса, өткен жылдың желтоқсан айында су жәндіктері Орал өзенінде көптеп жойылған еді. Бұл жолы Атырау мен Ақтөбе облысының шекарасындағы Ойыл өзеніне балықтың өлекселері қалқып шықты. Алдын ала болжам бойынша кем дегенде 5 тонна балық өлген. Оқиға орнына Атырау облысы мемлекеттік ұйымдарының мамандары, энергетика және ауылшаруашылығы министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен өкілдер барды. Бүгінгі күні судан сынамалар, өлген балықтан үлгілер алынды. Балықтың жаппай қырылуына судағы оттегінің жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін деген болжамдар жасалып отыр. Бірақ комиссия құрамына енген Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының мамандары қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Айта кету керек, өткен жылдың соңында, яғни желтоқсан айында Орал өзеніндегі балықтардың қырылу себебі де осы күнге дейін жарияланған жоқ.