АТЫРАУ: Шаңды басу үшін шашылған су мұнай болып шықты

0
752

​Атырау облысында дау тудырған «су» құрамы анықталды.


АТЫРАУ: Шаңды басу үшін шашылған су мұнай болып шықты

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Атырау-Астрахань трассасының бойына шаңды басу үшін шашылған су расымен де мұнай болып шықты. Жергілікті экологтар оның құрамында мұнай өнімдерінің көп мөлшері барын анықтады, деп жазды inbusiness.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын жол салып жатқан «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының Исатай ауданы Исатай ауылының тұсында жолға су сепкенін жазғанбыз. Алайда жолмен әрі-бері өткен жолаушылар оның сапасына күмән келтіріп, видеоға түсіріп алған. Қазіргі күні облыстық экология департаменті дау тудырған суға байланысты қорытынды шығарды.

«Біз су төгілген жердің топырағы мен таза таза топырақтың құрамын салыстыра отырып, химиялық құрамына талдау жасадық. Ол бойынша төгілген суда мұнай өнімдерінің мөлшері көп болып шықты», - дейді облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралова.

Күмәнді сұйықтыққа байланысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, оған сәйкес ҚР Экологиялық кодексінің жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптардың орындалуына байланысты 238 бабы бойынша іс қозғалмақ.