Атырауда 2 жасар баланы ит талап тастады

0
1 746

Полиция облыстық балалар ауруханасына басы мен қолынан көптеген жарақаттар алған 2018 жылы туылған баланы жеткізді.


Атырауда 2 жасар баланы ит талап тастады

ERNUR.KZ. Атырауда Жұлдыз шағынауданында ит екі жасар баланы тістеп, сүйреп тастады, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілдерінің айтуынша, 18 қараша күні сағат 16:51 шамасында 102 пультіне "Жұлдыз-2" ықшамауданының тұрғынынан иттің балаға шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Полиция облыстық балалар ауруханасына басы мен қолынан көптеген жарақаттар алған 2018 жылы туылған баланы жеткізді. Баланы тістеген ит сол маңдағы шағын өнеркәсіп орындарының бірінің аумағында іздеу шараларын жүргізу кезінде табылды", - деп жазылған хабарламада.

Иттің иесі де анықталды. Ол 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны.

"Оған қатысты әкімшілік кодекстің 408-бабының 2-бөлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендеу ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - дейді полиция.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, жарақат бөлімінде балаға жедел медициналық көмек көрсетілген.

"Ит тістеген жерлеріне хирургиялық емдеу жүргізілді. Бала басынан және қолынан орташа дәрежелі жарақаттар алды. Жаралар таңылып, емделді. Қазір бала анасымен бірге жарақат бөлімінде жатыр", - деді Жақсылық Мағзомов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Сәтбаев қаласында қаңғыбас иттердің тістеуінен 6 жасар қыз қайтыс болды.