Өңірде коронавирус індетіне қарсы 24 екпе егу нүктесі ашылған.
Атырау облысында ақпанның 1- 5 аралығында 758 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынуда. Жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандары алғашқы болып екпе алады.
Айта кетейік, өңірде коронавирус індетіне қарсы 24 екпе егу нүктесі ашылған.