82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.
иллюстрациялық фото
Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабы хабарлады.
"Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды», делінген хабарламада.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.
«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.
Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.