1987 жылы туған Ербол Құсайынов 10 қыркүйек күні жоғалған.
ERNUR.KZ. Атырау облысы полициясы 10 қыркүйек күні достарымен бірге балық аулауға кетіп, содан бері ұшты-күйлі жоғалған жігіттің денесін тапты, деп жазады inbusiness.kz.
1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі бүгін таңғы 9:30 шамасында Жайық өзенінен, балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықтан табылды.
Алдын ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Жоғалған жігіттің аты-жөні – Ербол Құсайынов. Туыстарының айтуынша, ол 10 қыркүйек күні достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Оны іздестіру жұмысы бүгін үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздеу жұмысына Атырау облысы полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның 80 сарбазы тартылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.