Аймақтағы тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.
ERNUR.KZ. Олардың Жайық жағасында шашылып жатқандығын әуелі жергілікті тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабарлапты, деп жазады ktk.
Су жәндіктерінің жағада шашылып жату дерегі қала сыртындағы Көкарна елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасында байқалыпты. Мамандардың айтуынша, олар 200 метрдей жерге шашылған. Салааралық комиссия өкілдері бір күнде 40 келіге жуық ұлуды жинап, олардың бір бөлігін сараптамаға жіберген. Сондай-ақ, сол жердегі судан да сынама алынған. Айта кетейік, мұндай дерек Жайықтың өзге бөліктерінде кездеспеген. Ал, аймақтағы тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.
Шынар Ізтілеуова, «Таң» экологиялық ҮЕҰ жетекшісі: - Бірақ, өкінішке қарай балықтан басқа мәселе айтылмай жатыр қазір. Моллюскілердің жағаға шығып қалуына – өзен түбінің ластануы себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл жәндіктер таза судың индикаторы саналады. Ішіп отырған суымыз ластанса, қатерлі ісік дерті, мүгедек болып дүниеге келетін балалар саны да көбеюі мүмкін. Сондықтан бұл дұрыстап көңіл аударуды талап етеді.