Атырауда әйелді бір қойып, ыржалаңдаған еркекке қатысты тың дерек шықты

0
838

Прокуратурағылар ұсталған ер адам 1986 жылы туған күдікті екендігін, оның есінің дұрыс еместігін жеткізді.


Атырауда әйелді бір қойып, ыржалаңдаған еркекке қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Атырауда базарда өз-өзімен тұрған келіншекті өтіп бара жатып бетінен жұдырығымен бір қойып, ыржалаңдап кете барған еркекке қатысты тың дерек шықты, деп жазады Zakon.kz.

Прокуратурағылар ұсталған ер адам 1986 жылы туған күдікті екендігін, оның есінің дұрыс еместігін жеткізді.

"2010 жылдан бері ол облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Қазіргі кезде «тұлғасының тұрақсыз эмоциялық бұзылуы» диагнозымен облыстық психологиялық денсаулық орталығына орналастырылған. Денсаулыққа келтірілген зиянның деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы белгіленді. Тексеріс прокуратураның қадағалауында", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, кеше осы оқиғаға қатысты ер адам базардың қақ ортасында әйелді ұрып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.