Атырауда көпқабатты үйдегі пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды

0
166

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылған болатын.


Атырауда көпқабатты үйдегі пәтерді қасақана өртеген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау қаласында көпқабатты үйдің пәтері өртенді. Полиция қызметкерлері пәтерді қасақана өртеген күдіктіні ұстады, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталуына қатысты деректі растады.

«Тұрғын үйдегі өрт дерегі бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Қазір қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылғанын жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тбынан хабарлағандай, өрт туралы бүгін, 25 қыркүйекте түнігі сағат 03:03-те хабар түскен.

Мұнайлы шаһардың Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтер өртенген. Жалын сағат 03:44-те сөндірілген. Өрттен 67 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз аумаққа эвакуацияланған.

«Өртенген пәтерден 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлын күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.